Дәл қазір “Атамекен” өнер ордасында облыс әкімдігінің, халықаралық машина жасау орталығының, ҚПО б.в. компаниясының және оның мердігер ұйымдарының қатысуымен жергілікті өндірушілерді қолдау форумы өтуде.
Оған облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов қатысуда.
– 2014-2015 жылдан бері нарықтағы Батыс Қазақстан облысындағы мұнай өндіруші компаниялармен тығыз байланыс орнаттық. Аталған шараны өткізуге ықпал еткені үшін ҚПО б.в компаниясына алғыс білдіремін. Сонымен бірге халықаралық мұнай-газ машина жасау дамыту орталығының бас директоры Марат Шайдоллаұлына рахмет айтамын. Бүгін мердігер ұйымдардың мәселелерін талқылаймыз және шешу жолдарын ұсынамыз. Бұл компаниялардың нарықтағы бәсекеге қабілетілігін арттырады деп сенемін, - деді облыс әкімінің орынбасары.
Шара аясында жобалар таныстырылып, ірі компаниялардың, атап айтқанда ҚПО б.в мен оның мердігерлік ұйымдарының сатып алуларындағы жергілікті қамту мәселелері талқылануда.
Динара Тілекқызы,
zhaikpress.kz