2025 жылдың 4 шілде күні облыстық филиал суретшілерінің бір ауыздан қолдауымен Асқат Абдешев Қазақстан Суретшілер одағының жергілікті филиалының төрағасы болып сайланды.

Осы сайлаудың нәтижесінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының төрағасы Ө.Жұбаниязовтың 2025 жылғы 5 қыркүйектегі №39 бұйрығымен Асқат Бекқалиұлы Абдешев «Қазақстан Республикасының Суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы қызметіне ресми түрде бекітілді.
Асқат Бекқалиұлы 1984 жылы 21 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында дүниеге келген.
2005 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын үздік бітіріп, 20 жылдан астам уақыт осы университетте ұстаздық қызмет атқарады.
Аға оқытушы, 6М042100 «Дизайн» мамандығы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі.
График-суретші, 2012 жылдан бері Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі.
Манас Аққожин,
мүсінші,
ҚР Суретшілер одағының мүшесі