3.09.2024, 13:00
Оқылды: 68

Жергілікті жерлерде инвесторлардың проблемалары «осында және қазір» қағидаты бойынша шешілетін болады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестиция тарту жөніндегі экожүйені жетілдіру шеңберінде «инвестор жолын» регламенттеу және осы процестегі барлық мемлекеттік органдардың рөлін айқындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

5859B686-AECD-41D5-B7DB-66648CDA2A3C

Сурет: Үкімет

Үкімет отырысында вице-премьер – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров атап өткендей, бюрократиялық кедергілерді еңсеруді және квазимемлекеттік сектор тарапынан жәрдемдесуді қоса алғанда, инвесторларды іздеуден бастап жобаларды аяқтауға дейінгі инвестициялық циклді толық сүйемелдеу қамтамасыз етілетін болады.

«Инвестициялық штабқа ұқсас әр өңірде әкімдердің басшылығымен Өңірлік инвестициялық штабтар құрылатын болады, олардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Kazakh Invest, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, арнайы экономикалық аймақтың, прокуратура мен салық органдарының өңірлік өкілдері кіреді. Бұл инвесторлардың проблемаларын “осында және қазір” қағидаты бойынша жедел шешуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясаттың өзекті тұжырымдамасында көрініс табады», - деді спикер.

Сонымен қатар инвестиция тарту бойынша таргеттелген жұмыс үшін өңірлер мен жергілікті бизнестің қажеттіліктері мен бәсекелестік артықшылықтарын ескеретін Өңірлік инвестициялық бағдарламалар негізінде «инвестицияларға тапсырыстар» қалыптастырылатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале