24.12.2024, 14:30
Оқылды: 697

Жерлесіміз Даниял Сәбит бокстан ел чемпионы атанды

Қарағанды қаласында өтіп жатқан бокстан ересектер арасындағы ел чемпионатының финалына шыққан батысқазақстандық Даниял Сәбит ел чемпионы атанды.

IMG_6028

Сурет Спортты дамыту дирекциясының парақшасынан алынды

Ақтық сында ақтөбелік Бекзат Алдамжаровпен қолғап түйістірген Даниял үш раунд бойы басымдық көрсетіп, ел біріншілігінің алтын жүлдесін қанжығасына басты.

IMG_6030

Видеодан скрин

– Өте қуаныштымын. Бірақ біздің мақсат ел ішінде бір-бірімізді сындыру емес. Кім жеңіске жетсе де қазақ баласы жеңді деп білу керек. Финалдағы қарсыласым Бекзат Алдамжаров өте батыл, ерік-жігері мықты жігіт. Осыған дейін жастар арасындағы ел чемпионатында кездескен едік. Алдағы мақсатым – ірі халықаралық додаларда әлем, Азия чемпионаттары мен олимпиада ойындарында атой салу, - деді Даниял кездесу соңында Sport+ Qazaqstan арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Даниял Сәбит осымен екінші мәрте Қазақстан чемпионы атанып отыр.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале