Дәл қазіргі уақытта Қытай еліндегі Макао қаласында жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Оған 20 мемлекеттен 250 спортшы қатысып, бақ сынауда. Жарысқа Қазақстан Республикасы БҚО ПД-ның полиция қызметкері, полиция аға лейтенанты Құралай Қабырайқызы да қатысты. Бұл туралы БҚО ПД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аталған чемпионатта әйелдер арасындағы жауынгерлік самбодан полиция қызметкері, полиция аға лейтенанты Құралай Қабырайқызы 54 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
Бұл ержүрек қыздың алғашқы жеңісі емес. Құралай бұған дейінде ұйымдастырылған халықаралық және республикалық жарыстардан жүлдемен оралып жүр.