Бұл ұйым ХІХ ғасырдың аяғында бір топ қазақ жасының ұйымдастыруымен Петербург қаласында құрылған. Оған сол кезде 1500-ге тарта студент тартылған.
Сол тұста Петербург қаласында оқып жүрген Б.Құлманов, Б.Сыртанов, Б.Қаратаев, М.Сердалин, А.Теміров тағы басқа қазақ студенттері патшалық жүйе мен казармалық системаға қарсы өз ойларын ашық білдіріп, ресейдегі қоғамдық-саяси оқиғаларға белсене араласқан.
Әсіресе, 1887 жылғы патшаға жасалған қастандықтан соң ресей қоғамы екіге жарылып, бірі Ресейді патшалық аграрлық ел ретінде көрсе, екіншілері Ресейді Еуропамен тең келетін буржуазиялық-демократиялық ел ретінде реформалар қажеттігін алға тартқан тұста қазақ жастары екінші жақты қолдайды.
Бұл кезде Б.Құлманов заң факультетінде, Б.Сыртанов шығыстану факультетінде, Б.Қаратаев заң факультетінде, М.Сердалин жаратылыстану факультетінде, А.Теміров заң факультетінде оқып жүрген.
1905-1917 жылдардағы ресейдегі қоғамдық-саяси оқиғаларға белсене араласқан қазақ студенттерінің барлығы, кейін Алаш Орда үкіметі мен Алаш партиясын құруда да ұлт-азаттық қозғалысқа белсене қатысады.
Қорыта айтқанда Петербургте құрылған «Жерлестер» ұйымы қазақ тарихындағы студент жастардың ең алғашқы ұйымы болып саналады.
Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz