Париждегі Олимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан жеті қазақстандық спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Фото: Olympic.kz
Жанна Мамажанова (марафон) мен Нора Джеруто (3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру) іріктеу нормативін орындады.
Қалған атлеттер Олимпиада ойындарына рейтинг арқылы өтіп отыр. Жоғарыда аталған спортшылардан бөлек, Парижде Давид Ефремов (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеев (екеуі де биіктікке секіру), Ольга Сафронова (200 метрге жүгіру), Дэйзи Джемпекей (3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіру және 10 000 метр) сынға түседі.