Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған брифингте БҚО әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді.
Жетім балаларды тұрғын үймен қамту үшін «Отбасы банк» арқылы төмен пайызбен несие берілетін болады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Несие 15-20 жылға беріледі.
- Тұрғын үй кезегінде тұрғандарға жалға берілетін тұрғын үйлер үшін субсидия беріледі. Бүгінде ол бағдарлама бойынша 155 адамның өтініші қанағаттандырылды, - деді өңір басшысы Ғали Есқалиев.
Жалпы БҚО бойынша 2022 жылы 1002 пәтер салынып, тапсырылады.
zhaikpress.kz