Елімізде жетім балаларға баспана алуға жеңілдік қарастырылған. Алайда статистика көрсеткендей, кәмелетке толғандардың бәріне бірдей баспана берілмейді. Сенатор Геннадий Шиповских Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында осы проблема туралы айтты, деп жазды Ұлттық арна.
2022 жылы кезекте тұрған 61 471 адамның 852-сі ғана баспана алды, ал 2023 жылы 62 290 мұқтаж адамның 809-ы ғана тұрғын үйге ие болды.
Депутат кәмелетке толған жетім балаларға тұрғын үйді күту мерзімін қысқартатын арнайы бағдарлама әзірлеуді, сондай-ақ оқуын аяқтағаннан кейін оларды жұмысқа орналастыру үшін дербес бағдарламаны іске қосуды ұсынды.