17.10.2023, 16:00
Оқылды: 104

Жетісу облысы қалай құрылды?

Ресей патшасының жарлығына сәйкес 1867 жылдың 11 шілдесінде Түркістан генерал-губернаторлығы құрамында Жетісу облыстық әкімшілігі құрылады.

су алматы

Соның негізінде Жетісу облысы уездерге, уездер болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлініп басқарылды. Облысқа губернатор билік етсе, уездерге патша офицерлері қойылды, ал болыстықтарға қазақ шонжарлары тағайындалады.

Бұл кезде Түркістан генерал-губернаторлығында қазақтар - 1532790, өзбектер - 1970420, құрамалар - 77330, қарақалпақтар - 58770, орыстар -59280, тәжіктер - 137280 адамды құраған. Өлкенің әкімшілік билігі Ташкентте орналасты.

Түркістан губернаторлығына Жетісумен бірге Сырдария облысы да кірді. Екі облыстың шекаралық аймағы Құрағаты және Шу өзендері бойымен белдігімен белгіленді. Жетісу облысының әкімшілік құрамына Сергиополь, Лепсі, Қапал, Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ және Пішпек уездері кіреді.

1867-1882 жылдары Түркістан генерал-губернаторлығы құрамында басқарылған Жетісу облысы, кейін 1882 жылдың жазында Ақмола, Семей облыстарымен Дала генерал-губернаторлығы құрамына өтеді.

Бұл Дала генерал-губернаторлығы 1882 жылдың 18 мамырында құрылады да оның орталығы болып Омбы қаласы бекітіледі.

Осылайша 1882-1896 жылдары Дала генерал-губернаторлығы құрамындағы Жетісу облысы 1997 жылы қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығы құрамына өтіп, бұл басқарылымда 1917 жылға дейін болады.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале