Жетісу өңірінде 1918 жылдың 10-30 тамыз күндері Лепсі қаласында өткен облыстық сиезде Алаш комитеті құрылады.
Сиезде соғысқа, уақытша өкіметке, жергілікті билікке көзқарас, азық-түлік, оқу-ағарту, дін, жер, су мәселелері, сот, ұлттық әскерді жасақтау тағы басқасы қаралады.
Сиезде «Алаш» партиясының облыстық комитеті құрылып, оның төрағасы болып Ыбырайым Жайнақов, мүшелеріне Сатылған Сабатаев, Төлебай Дүйсебаев, Нүсіпбек Жақыпбаев, Базарбай Мәметов, Біләл Сүлеев, Иса Тергеусізов, Мұхамеджан Тынышпаев, Садық Аманжолов сайланады.
Осылайша Жетісуда құрылған Алаш комитеті халықты ұлт-азаттық қозғалысқа қатысуға үндейді, кеңестік билікке қарсы үгіт-насихат жүргізеді және жергілікті жерлерде бөлімшелер ашуды қолға алады.
Сонымен қатар жетісулық Алаш комитеті елдегі өрістеген қоғамдық-саяси оқиғаларға белсене араласып, Бірінші және Екінші жалпықазақ сиездерінің шешімдерін қуаттап белсенділік танытады.
Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz