Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Босния және Герцеговина) ITF W15 турнирінде топ жарды. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: ktf.kz
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші барлығы 5 матч өткізіп, бәрін де жеңіспен аяқтады.
Жібек финалда дүниежүзілік рейтингіде 700-орында тұрған швециялық Лиза Заармен кездесіп, камбэк жасай білді - 2:6, 6:4, 6:2.
Осы табысының арқасында Жібек Құламбаева WTA Live рейтингісінде 441-орынға көтерілді.