Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Оломоуц (Чехия) ITF W60 турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Фото: ktf.kz
Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші латвиялық Дарья Семенистаямен бірге екі кездесуін сәтті өткізді.
Олар алдымен тартысты матчта румыниялық Карола-Патриция Беженару - франциялық Тифани Лемайтрені жолдан тайдырды - 6:4, 3:6, 14:12.
Бүгін ширек финалда чехиялықтар Анета Лабуткова - Ивана Себестовадан басым түсті - 6:4, 6:2.
Қазақстандық-латвиялық жұптың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Бұдан бір апта бұрын Жібек Римдегі осындай додада чемпион атанған еді.