Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Бытом (Польша) ITF W50 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы ҚТФ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сурет: ҚТФ
Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші италиялық Николь Фосса Уергамен бірге барлығы төрт кездесуді сәтті аяқтады. Қазақстандық-италиялық дуэт финалда доданың 2-ракеткалары, украиналықтар Марина Колб – Надя Колбпен бас жүлдені сарапқа салды.
Жібек Құламбаева – Николь Фосса Уерга 7:6 (8:6), 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Өскемен қаласында әйелдер арасында ITF W15 турнирі мәресіне жетті. Аталмыш жарыста 18 жастағы қазақстандық теннисші, дүниежүзілік рейтингіде 824-орындағы Соня Жиенбаева табысты өнер көрсетті.
Жиенбаева финалға дейін қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, сүрінбей жетті. Тек соңғы бәсекеде ғана әлемнің 768-ракеткасы, ресейлік Алиса Кюммельге ғана тартысты матчта есе жіберді – 6:7 (1:6), 3:6.