17.07.2023, 9:00
Оқылды: 6

Жібек Құламбаева Рим турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Рим (Италия) ITF W60 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

zhibek_kulambaeva_ri_1689561697

Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші беларусьтік Юлия Готовкомен бірге финалда жарыстың бірінші ракеткалары, колумбиялықтар Юлиана Лизаразо - Мария Паулинамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-беларустьтік жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Құламбаева мен Готовко титулға қол жеткізді.

Тағы бір қазақстандық, 15 жасар, Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Зара Дәркен Палермо (Италия) WTA 250 жарысында алғашқы матчын өткізді. Зара іріктеу сайысында әлемнің 316-ракеткасы, нидерландылық Ева Веддерге 2:6, 1:6 есебімен жол берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале