Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты.
Фото: ktf.kz
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Жібек грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге ширек финалда Польша өкілі Майя Хвалиньска – жапониялық Юки Наитомен сынға түсті. Қазақстандық-грекиялық дуэт 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Құламбаева – Сакелларидидің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.