Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Монастир (Тунис) ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Фото: ktf.kz
Қазақстандық теннисші қытайлық Гао Синьюймен бірге финалда Алена Фалей (Беларусь) – Полина Яценкомен (Ресей) шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық дуэт қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.
Екінші сетте белоруссиялық-ресейлік жұп есе қайырды – 6:2.
Супер тай-брейкте Құламбаева мен Синьюй жеңісті жұлып алды – 10:7.
Осылайша Жібек жұптық сында кезекті титулына қол жеткізді.