Абай облысы тұрғынының «жигулидің» салонына екі сиырды тиеп алған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тараған.
Видеодан екі сиырдың көліктің артқы орындығына «жайғасып» алғанын көруге болады.
Сурет: видеодан скрин
ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта өтелік, осы баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.