15.10.2024, 16:30
Оқылды: 63

ЖІӨ өсімінің 65%-ы сауда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы есебінен қамтамасыз етілген

Қабылданып жатқан шаралардың арқасында үшінші ай қатарынан экономиканың өсуінің жеделдеуі байқалады, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ол 4%-ды құрады. Нақты секторда — 5%, қызмет көрсету саласындағы өндіріс 3,8%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.

IMG_8643
Сурет: Үкімет

Оның айтуынша, салалар арасында ауыл шаруашылығы мен құрылыс ең үлкен өсімді көрсетіп отыр. Көлік қызметі 8%-ға, байланыс 6,4%-ға, сауда 6,3%-ға, өңдеу өнеркәсібі 4,8%-ға өсті. ЖІӨ өсімінің 65%-ы сауда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығымен қамтамасыз етілген.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,6%-ға өсті. Ең үлкен өсім шикізаттық емес салаларда байқалады. Инвестиция көлемі 81,7%-ға, білім беру – 79,3%-ға, көлік – 31,1%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 6,3%-ға, денсаулық сақтау саласы – 4,8%-ға артты. Үздік көрсеткіштер Алматы, Павлодар, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында байқалады.

«Биылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда айналымы $91,7 млрд-ты құрады. Экспорт $53,5 млрд болды, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты – $17,8 млрд. Тауарлар импорты $38,1 млрд-ты құрады. Оң сауда балансы 34,8%-ға өсіп, $15,4 млрд-ты құрады», — деп атап өтті вице-премьер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале