Полицейлер ауыл тұрғынын түні бойы іздеді. Бәйтерек ауданы, Шалғай ауылдық округінің Таловая ауылында болған, бұл туралы БҚО ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: zhaikpress.kz
2023 жылғы 7 қаңтар күні кешке 37 жастағы тұрғын қойларын іздеуге кетіп, үйіне оралмады. Туыстары уайымдаған соң полицияның көмегіне жүгінді. Жоғалған ауыл тұрғынын іздеу үшін барлық жеке құрам жұмылып іздеді. Іздеу топтары барлық аумаққа тарағанымен нәтиже болмады. Таңертең ғана ер адам ауылдың екінші шетіндегі үйлердің бірінен табылды. Ол түні бойы ауылдастарымен бірге ішімдік ішкен.
Полиция қызметкерлері, ТЖД және аудан әкімдігінің қызметкерлері түні бойы іздестіру шараларын жүргізді.
zhaikpress.kz