БҚО ПД Орал қалалық полиция басқармасының «102» операторына шілденің 25-і күні 2009 жылы туған жасөспірімнің кеште үйден шығып, хабарсыз кеткені туралы хабар келіп түседі. Бұл туралы БҚО ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Дереу бағыт алған Ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімді түнімен іздеп таңда қаланың 4-ші шағынауданы аумағында кетіп бара жатқан жерінен тапқан.
Қазіргі уақытта бала ата-анасына берілді. Ата-ана тарапынан бақылаудың болмауы қайғылы салдарға әкелуі әбден мүмкін.
- Осыған байланысты, құрметті ата-аналар, балалардың үйден шығып кету жағдайларының алдын алу үшін олармен тығыз қарым-қатынаста болуды, олардың өмірлік қиындықтарын бірге жеңуді, балаңыздың достары мен араласатын адамдарын жеке білуіңізді, сондай-ақ, оның қызығушылығы мен хоббиі туралы толық біліп отыруыңызды сұраймыз, - дейді полиция өкілдері.
zhaikpress.kz