10.10.2024, 21:00
Оқылды: 103

Жоғарғы Сот Денис Тенді өлтіргені үшін сотталғандардың өтінішхатын қолдамады

Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

judge-3665164_1280Сурет: pixabay 

Бірінші сатыдағы соттың 2019 жылғы 17 қаңтардағы үкімімен А.Б.Құдайбергенов пен Н.Д.Қиясов алдын-ала сөз байласып, жәбірленуші Д.Теннің мүлкін жымқырғаны, ұрлық жасағаны, сондай-ақ, оны қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 18 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған болатын (ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1), 4) тармақтары, ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 7), 8) тармақтары).

Апелляциялық сот бұл үкімді заңды күшінде қалдырған.

Жоғарғы Сот 2024 жылғы 10 қазанда аталған сот актілерінің заңдылығын және негізділігін тексерді, оның қорытындысында оларды қайта қарауға негіздердің болмауына байланысты сотталғандардың адвокаты келтірген өтінішхатты кассациялық сатыдағы сот отырысының қарауына беруден бас тартылды.

Адвокат өтінішхатында сотталғандарды ақтауды немесе олардың адамды өлтіру деп сараланған әрекеттерін (ҚК-нің 99-бабынан), абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген әрекет ретінде ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен қайта саралауды сұраған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале