26.07.2024, 9:45
Оқылды: 41

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы БҚО филиалына жаңа басшы тағайындалды

Рафис Радикұлы Зинетов «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК БҚО филиалының директоры болып тағайындалды.

CF22D617-AE3D-458F-A211-43554B852227

Фото: «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы»

Жаңа басшыны филиал ұжымына өңірде жұмыс сапарымен болған «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев таныстырды.

Рафис Зинетов – Ақтөбе кооперативтік колледжінің және Қазақ автомобиль-жол институтының түлегі. Автожол саласындағы еңбек өтілі – 13 жыл.

2023 жылдан наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Қостанай облысындағы филиалдың директоры болып қызмет атқарды. Ол қызмет еткен жылдарында өзін білікті маман, тәжірибелі басшы және кәсіби жолшы ретінде көрсете білді.

Бұдан кейін Болатбек Қобланбекұлы филиал ұжымымен кездесіп, зертхана жұмысымен танысты. Жол сапасын қадағалау бағытындағы жұмыстарға қатысты жаңа басшы мен ұжым алдында нақты міндеттер жүктеді.

Осыған дейін Батыс Қазақстанда осы қызметті атқарған Абылайхан Ерболұлы Алшынбаев Қостанай филиалына директор болып ауысты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале