15.11.2024, 16:56
Оқылды: 117

Жол апатына түскен ауыр жүк көлігінің жүргізушісі ес-түссіз ауруханаға жеткізілді

Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

-14 қараша күні сағат 21:10 шамасында Орал қаласында жол-көлік оқиғасы орын алды. "Scania" маркілі жартылай тіркемесі бар көлік құралының жүргізушісі Мендалиев көшесімен қозғалу кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, рульге ие бола алмай, "Nundai 130" маркілі тұрған көлік құралына соқтығысады, содан кейін алға өтіп, №36 ЖОББМ металл қоршауын басып, аулаға кіріп, мектеп қабырғасының қасына тоқтаған. Тексеру кезінде мектеп ғимаратына түйіспегені анықталды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға "Scania" көлік құралының жүргізушісі ес-түссіз күйінде жеткізіліп, нейроинсульт бөлімшесіне жатқызылды.
Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ, көлік иелеріне материалдық шығын келтірілді.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале