22.02.2022, 9:45
Оқылды: 15

Жол апатынан бір адам көз жұмды

Кеше сағат 20:30-да Теректі аудандық ПБ кезекші бөліміне Подстепный-Елек автожолының 29 шақырымында 1961 жылы туған ер азаматтың басқаруындағы "Лада-гранта" және 1965 жылы туған азаматтың басқаруындағы КИА маркалы жеңіл автокөліктердің соқтығысқандары туралы хабарлама келіп түсті.

6163275dee680930651296

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1962 жылы туған "Лада-Гранта" автокөлігінің жолаушысы (әйел адам) оқиға болған жерде қайтыс болды. Полицейлер оқиғаның себептері мен мән-жайды анықтап жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (кісі өліміне алып келген жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Суреттің дереккөзі: sn.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале