1.04.2026, 12:45
Оқылды: 6

Жол апатынан зардап шеккен төрт бала ауруханаға жатқызылды

2026 жылғы 31 наурыз күні сағат 14:00-де Орал қаласы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 23 бала, облыстық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 ересек зардап шегуші жеткізілді.

WhatsApp Image 2026-03-31 at 16.45.17
Алынған мәліметтерге сәйкес, жол-көлік оқиғасы Теректі ауданы, Подстепное ауылында орын алған.
Оқиға салдарынан зардап шеккен 4 бала облыстық көпсалалы балалар ауруханасының травматология бөліміне жабық бас-ми жарақаты диагнозымен жатқызылды.
19 бала, 7 ересек науқастар толық тексеруден өткеннен кейін (рентгенография, ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография, зертханалық зерттеулер) және бейінді мамандардың қарауынан соң, ұсыныстармен амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале