26.03.2021, 15:36
Оқылды: 29

Жол азабын тартқандарға аудан әкімдері көмектесуі тиіс

Қыс бойы жауған қар наурыз айында көл-көсір болып еруде. Бірқатар елді мекен ішіне су жайылып, халықты әбігерге салуда. Шалғай аудандарға алып баратын автожолдар ми батпаққа айналуда. БҚО әкімі Ғали Есқалиев «Қазақавтожол» мекемесі басшылығына көктемгі уақытта Чапаев-Жалпақтал-Казталов-Жәнібек-Сайқын бағытында жол азабын тартып жатқандар мәселесіне назар аударуды тапсырды.

Жол1

– Жәнібек пен Бөкей ордасы аудандарының әкімдеріне кезекшілік ұйымдастырып, автокөлігі жолда тоқтап қалған тұрғындарға көмектесуді тапсырамын. Бұл – республикалық маңыздағы автожол. Осы автжолды жөндеуге мемлекет тарапынан қаражат бөлінді. Былтыр облыс орталығынан Казталовқа дейінгі асфальт төсеу жұмысы аяқталды. Ендігі басты мәселе – екі оңтүстік ауданға сапалы жол тарту. 2021 жылы Казталов – Жәнібек – Өнеге – Бисен – Сайқын автожолының 147 шақырымын күрделі жөндеуге 20 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Мамыр айында басталатын жөндеу жұмысын тиісті деңгейде қадағалауды тапсырамын, - деді Ғали Есқалиев.

 

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале