20.04.2022, 13:00
Оқылды: 84

Жол картасы жүйелі орындалуда

Кеше «AMANAT» партиясы Орал қалалық филиалы фракциясының отырысы өтті.

27

Отырысқа қалалық фракция жетекшісі, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Кенесары Нұршинов төрағалық етті.

25

Жиынға Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй, қалалық мәслихат хатшысы Калиев Есентай, қалалық филиалдың атқарушы хатшысы Бауыржан Мұхамбетжанов және қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция депутаттары қатысты.

28

Күн тәртібінде Орал қаласының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 2021 жылғы орындалу қорытындысы туралы, қайтадан жасақталған қоғамдық кеңестер жұмысы мен қалалық мәслихат депутаттарының 2021 жылға рейтинг қорытындысы бойынша сұрақтар қаралды.

Бірінші мәселе бойынша Орал қаласының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 2021 жылғы орындалу қорытындысы туралы Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй айтып өтті.

26

Қала басшысы орынбасарының айтуынша, сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша 2021 жылға жоспарланған 67 іс-шараның 52-сі орындалған, яғни 81,4%-ы жүзеге асырылған.

Сараптамаға сүйенсек, баяу орындалып жатқан, толықтай орындалмаған және мүлдем орындалмай отырған бірнеше тармақ бар. Олар негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нысандардың құрылысы, жөндеу жұмыстарын іске асыру, бір жылға бекітілген кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштерге толық қол жеткізбеу, «Бизнес-Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына оқуға өтініш берушілердің аздығына байланысты жоспарланған көлемге жетпеуі, қала мектептерінде МЖӘ қағидаты бойынша «Е-Асхана» жүйесін енгізу сынды мәселелер.

Аталған мәселелер бойынша қалалық әкімдіктің жауапты бөлім басшыларына тапсырмалар хаттама негізінде жіберілетін болады.

24

Екінші мәселе бойынша қалалық филиалдың атқарушы хатшысы Бауыржан Мұхамбетжанов депутаттар рейтингісі пилоттық жобасы бойынша 2021 жылғы көрсеткіштерді атап, партия филиалы жанындағы құрамдары жаңартылған қоғамдық кеңестердің отырыстары ай сайын жүйелі түрде өткізіліп, депутаттар тарапынан да есептер тыңдалатынына баса назар аударды.

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық

филиалы баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале