28.09.2023, 17:30
Оқылды: 107

Жол картасының орындалуы өңірлік даму кеңесінде талқыланды

Кеше Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму бойынша Кеңестің отырысы өтті.

05506f21-9bd4-4493-a1fe-dea07c3f4511

Кеңесте күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес «АМАNАТ» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының іске асыру жөніндегі жол картасының іс-шаралары мен көрсеткіштері және әр тармақтарының орындалуы талқыланды.

Партия Төрағасы Е. Қошановтың тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (жол карталар) әзірленіп, облыс әкімі орынбасары және мәслихат төрағасының қатысуымен партияның Орталық аппаратында өзектендіріліп, облыстық филиал Саяси кеңесі бюросының қаулысымен бекітілді.

6ee2dee0-d2d7-46e6-bfb1-7c7265302754

Жол картаның басты мақсаты Сайлауалды бағдарламаның орындалуына қатаң партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету болғандықтан, депутаттар жауапты тармақтарының жүзеге асырылуын жергілікті органдардан талап етіп, қажет болған жағдайда бірлесіп орындау қажет екендігі жөнінде де кеңесте айтылды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғашқы сөз Батыс Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысының уақытша міндетін атқарушы Миржан Нұртазиев берілді. Ол сегіз айда жол картасы шеңберіндегі 122 іс-шараның 21 (17%) орындалғанын және орындалу сатысында - 91 (75%), орындау мерзімі жетпегені - 10 (8%) іс-шара екендігіне тоқталды.

710cd4a7-448f-42fe-90d0-1bb95d1983d7

Кеңестің шешімі бойынша, қатысушыларға Батыс Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына Жол картасының 28-тармағы бойынша 2023 жылдың соңына дейін 4000 отбасын баспанамен қамтамасыз ету көрсеткішіне соның ішінде халықтың әлеуметтік осал тобының қаншасы баспанамен қамтылатына талдау жасап, ақпарат ұсыну міндеттелді.

 

«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале