Облыс әкімі Нариман Төреғалиев «Portex» компаниясының құрылыс жөніндегі директоры Хусейин Гёзджюмен кездесті.

Түркиялық компания өз елінде және шет мемлекеттерде әлеуметтік нысандар, бөгеттер мен су электр станцияларын, сондай-ақ магистральдар, көпірлер, туннельдер мен инженерлік желілер салуда мол тәжірибеге ие.

Кездесу барысында қос тарап облыс аумағындағы көпірлер мен жол құрылысы саласындағы жобаларды қарастырып, EPC-келісімшартына сәйкес, яғни дайын күйінде тапсыру бағытында жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылады.