Атап айтқанда, «Қарағанды – Алматы» автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаға 2,5 мың адам тартылса, «Талдықорған – Өскемен» жобасы аясында бір мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚР Көлік министрілігінің баспасөз қызметі.
Жалпы республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау және жөндеу жобаларына 9 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Күн сайын 5 мыңға жуық адам республикалық жолдарды күтіп ұстау мәселелерімен, 3 мыңға жуық адам жол-құрылыс материалдарын дайындау және жеткізу сұрақтарымен айналысады. Осылайша, автожол инфрақұрылымын жаңарту бойынша жұмыстарға бір топ білікті маман тартылған.
Айта кетерлігі, «Қарағанды – Алматы», «Атырау – Астрахань», «Ақтөбе – Қандыағаш» және «Талдықорған – Өскемен» автожолдарының учаскелерінде көлік дәліздерін реконструкциялау бойынша отандық жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында жөндеу жұмыстары екі ауысымда жүріп жатыр.