12.05.2023, 20:24
Оқылды: 61

«Жол жолда қалмасын!»

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Қазақстан Республикасының Премьер министр аппаратының мемлекеттік инспекторы Арай Садықов Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен келді. Әуелі аудан әкімі Тимур Шиниязов күтіп алып, кемеріне келген һәм енді ғана қолға алынған жұмыстарды көрсетіп, бүге-шігесіне дейін таныстырды.

WhatsApp Image 2023-05-12 at 17.56.40

Ең бірінші облыс басшысы республика елеңдеп, мән берген Жәнібек пен Казталов аудандары арасындағы жолдан бастады.

Ел болып асыға күткен аталмыш жол құрылысының 53-95 шақырымы «Uniserv», 95-138 шақырымы «Теміржол жөндеу», 158-165 шақырымы «Бекет Сат Жол» компанияларының жауапкершілігінде болса, Өнеге – Бисен - Сайқын жолдарының 0-50 шақырымы «Атырау жолдары», 50-103 шақырымы «Ақжол құрылыс» мердігерлерінің қолында және уақыттың еншісінде.

WhatsApp Image 2023-05-12 at 17.56.40 (1)

Аталған компаниялар да сол арадан табылып, облыс басшымен жүздесіп, асфальт жабынын төсеуде кедергі болатын бірқатар қиындықтарды жеткізіп, ауа райының қолайсыздығын алға тартты. Осы орайда баяу жүріп жатқан жол құрылысын өз көзімен көрген облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы:

- Биылдан қалмай жолды ел игілігіне беру қажет. Мемлекеттік маңыздағы жол болған соң айтарлықтай қолдау көрсетіліп отыр. Тек сіздерден керегі қарқынды жұмыс. Әрқилы сылтаулар айтпай, іске кірісіңіздер. Жол жолда қалмасын! - деп ескерту жасап, қадап айтты.

WhatsApp Image 2023-05-12 at 17.56.41

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының сыртқы қарыздар департаментінің директоры Марат Махамбетов те үн қосып, жолға керек материалдарға ҚТЖ компаниясы мен министрліктің арқасында вагондар беріліп, Ақтөбе қаласы мен көршілес Ресей Федерациясынан материалдар алынып жатқанын жеткізді.

WhatsApp Image 2023-05-12 at 17.56.41 (1)

Марат Сағынбайұлы:
- Ақтөбеден әкелінетін болған соң қиынға соғары белгілі. Дегенмен бар күшті салып тырысу керек. Битум жеткілікті және тоннасы 115 мың теңгені құрайды. Ол дегеніңіз, жұмыс жасаймын деген компанияларға өте қолайлы. Биылғы жоспар бойынша «Ақжол құрылыс», «Атырау жолдары», «Теміржол жөндеу» компаниялары жолды аяқтайды. Ал «Uniserv» компаниясының жұмысы әлсіз, - деп өз ойын ашық білдірді.

 

Жаңа оқу жылында жаңа мектеп

WhatsApp Image 2023-05-12 at 17.56.42

Сапар әрі қарай Ақоба ауылында жалғасын тапты.

Іргетасы бой көтерген мектеп құрылысымен танысқан облыс басшысы бас мердігерге жаңа оқу жылына дейін аяқтауды тапсырды.

Құрылысы кешеуілдеп басталған 108 орындық мектептің жай-күйін, жұмыс бағытын арнайы мамандар түсіндірді.

Бас мердігер "Жаиксельстрой" ЖШС құрамы ел аттай қалаған арзу арман үшін тырысып жатыр.

Бұл құрылыс бойынша ауыл тұрғындарынан 12 адам жұмыспен қамтылған.

Нысанның құжатына тоқталсақ, техникалық қадағалау «Мұнай Жолдары» ЖШС, авторлық қадағалау «Эркер» ЖШС меншігінде. Жаңа оқу жылына дейін аталған құрылыс межеге жетіп, оқушылар су жаңа мектепке барады.

WhatsApp Image 2023-05-12 at 17.56.43

Тұрғындармен жүздесті

Содан соң бблыс басшы ауыл тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында тұрғындар ауыл дамуындағы көкейкесті сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

WhatsApp Image 2023-05-12 at 17.56.44

92 жастағы қарияның батасын алды

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев сапар соңында қазақы дәстүрмен 92 жастағы қария, Ақоба ауылының тұрғыны Есенболат Хасеновке сәлемдесті. Ағынан жарылған ақсақал батасын беріп, ризашылығын білдірді.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале