Биылғы жылдың 17 мамыры күні полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлеріне «Жол жүру ережесі» тақырыбында жиын өтті.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты әскери қызметкерлерге жол жүру ережелері туралы нақты ақпарат беріп, жол көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады.
"Жол жүру ережесін дұрыс білу арқылы біз адам өмірін аман сақтап қала аламыз. Сондықтан да кез келген адам үшін жол жүру ережесін түсіндіру арқылы жол көлік оқиғаларының алдын алу бұл біздің мақсат", - деді іс-шараға келген мамандар.
Ал кездесу соңында әскери қызметшілер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі