БҚО ішкі істер департаментінде Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жолаушы тасымалымен айналысушы ұйымдардың басшыларымен кездесті.
Мұндай кездесу жыл басынан бері үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Кездесу кең көлемді республикалық «Құқықтық тәртіп» акциясы аясында өткізілді. Бұл жедел-алдын алу шарасының мақсаты жол-көлік оқиғалар санын азайтып, жол қозғалысы ережесін бұзушылықтарының алдын алу, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, қылмыстарды ашу және болдырмау бойынша жұмысты күшейту болып табылады.
Ағымдағы жылдың басынан БҚО аумағында қоғамдық көліктердің қатысуымен тіркелген 7 жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам қаза болып, 11 адам түрлі жарақаттар алды.
Дөңгелек үстел отырысына «Қазавтожол» АҚ, «Казахавтодор», «УралТехСервис», «Пассажирское автотранспортное предприятие №1», «Акжол-авто», «Батыс Дилижанс», «Оралавтотранс», «Западно-Казахстанский автобусный парк», «Казақстан Елім», «Азия» таксомотор паркі, «Империя» таксомотор паркі, «Жайық Таза кала», «Жайық жарығы» секілді кәсіпорындар мен ЖШС өкілдері қатысты.
Кездесу барысында бейнематериалдар көрсетіліп, барлық қатысушыларға көрнекілік кітапшалар мен жаднамалар таратылды. Қатысушылар мүмкіндікті пайдалана отырып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, әкімшілік полиция қызметінің жұмысын жақсарту бағытындаға сауалнамаға қатысты. Барлық ұсыныстарды БҚО ІІД ӘПБ басшылығы қарайтын болады.
Іс-шара соңында жол қауіпсіздігін алдын алу жұмысын насихаттаған кәсіпорындар ұжымына және жол қозғалыс ережелерін бұзбаған жүргізушілерге әкімшілік полиция басшылығы атынан алғыс хаттар табыс етілді.
БҚО ІІД баспасөз қызметі
zhaikpress.kz