8.05.2025, 9:30
Оқылды: 182

Жолаушылар пойызындағы жаттығу

Орал қаласындағы жолаушылар пойызында аса қауіпті инфекцияға шалдыққан науқас анықталған жағдайда жүргізілетін санитариялық-эпидемияға қарсы оқу-жаттығу шарасы өткізілді.

WhatsApp Image 2025-04-30 at 16.39.25 (1)

Оқу-жаттығуға БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Орал обаға қарсы күрес стансасы, Ұлттық сараптама орталығының филиалы, Орал стансасындағы полиция бөлімі, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ, сондай-ақ Life медорталығы, Сары Арқа Компани, Тенгри Экспресс, жедел жәрдем стансасы, әскерилендірілген теміржол күзеті өкілдері қатысты.

Оқу-жаттығу аңызына сәйкес №7 Алматы–Саратов бағыты бойынша жүріп келе жатқан пойыздың №8 вагонында жолаушыда дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас ауруы мен дене ауырсынуы сияқты аса қауіпті инфекция белгілері байқалды. Бұл жағдай Орал стансасындағы кезекші диспетчерге дер кезінде хабарланып, санитарлық қызмет мамандары  жедел  әрекет етті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – теміржол көлігі қызметкерлері мен медицина ұйымдарының аса қауіпті инфекциялар анықталған кездегі әрекет ету дайындығын бағалау және эпидемия кезінде жүргізілетін іс-шаралардың үйлесімділігін  тексеру  болды.

Оқу-жаттығу барысында барлық қатысушы мекемелер өзара тиімді әрекеттесе отырып, төтенше жағдайда орын алатын санитарлық-эпидемиялық шаралардың шынайылығын көрсетті. Мұндай шаралар халықтың денсаулығын қорғау мен жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында аса маңызды болып табылады.

 

Жан Аят,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале