2.08.2024, 10:30
Оқылды: 76

«Жолда ойын ойнама!»: ІІМ арнайы ролик жариялады

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицияның негізгі міндеттерінің бірі. Ішкі істер министрлігі жолдағы балалар өлімін азайту бойынша шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

ЖП Полиция (1)

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларында 126 бала қаза тауып, үш мыңнан астам кәмелетке толмаған түрлі жарақат алды.

«Жолда ойын ойнама» – мұндай бейнероликтер жол жүрісі қағидаларын сақтаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады.

Қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында полиция келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

Балаларыңызға жол жүрісі қағидаларын үйретіп, олардың сақталуын қадағалаңыз;

Балаларды жолда, әсіресе көлік жүретін жерлерде қараусыз қалдырмаңыз;

Кішкентай балаларды тасымалдау үшін арнайы автокреслоларды пайдаланыңыз;

Балаларға жол апаты немесе төтенше жағдай кезінде не істеу керектігін түсіндіріңіз;

Қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытпаңыз;

Телефонға телмірмеңіз. Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану апат қаупін едәуір арттырады;

Белгіленген жылдамдықты асырмаңыз;

Жолда тәртіп пен заңды сақтаңыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале