20.07.2022, 10:30
Оқылды: 48

ЖОО қызметкерлеріне жеңілдетілген баспана беру бағдарламасы туралы ақпарат - фейк

Әлеуметтік желілерде тараған жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне жеңілдетілген тәртіппен тұрғын үй беру бағдарламасы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4

«19 шілдеде әлеуметтік желілерде mongov.kz сайтына сілтеме жасай отырып, ЖОО қызметкерлері арасында тұрғын үйге қажеттілік тізімін жасау үшін сауалнама толтыру туралы ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Аталған сайттағы ақпараттан алаяқтық белгілері байқалады. Сондай-ақ, ол жоғары оқу орындарының қызметкерлері туралы жеке ақпарат жинау мақсатында жасалған. Осыған байланысты, Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған ақпарат таратпауға шақырады. Министрлік қандай да бір жаңалықты хабарлау үшін ресми ақпарат арналарын пайдаланады. Аталған оқиға бойынша деректер құқық қорғау органдарына жолданды»,- делінген ведомство хабарламасында.

Қоса кетейік, бұған дейін Жетісу облысының Сарқан ауданында тұрғындардың жаппай судан уланып жатқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім еткен едік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале