6.08.2024, 17:00
Оқылды: 185

Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай өткен чемпионатта тәртіп сақшылары өз бақтарын сынап, жеңіске жетті

2 - 4 тамыз аралығында Орал қаласында қоян-қолтық ұрыстан Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 200-ден астам спортшы қатысты. Қоян-қолтық ұрыс спортын одан әрі дамыту, спортшылардың спорттық біліктілігін арттыру, кәсіби дайындығын шыңдау, сондай-ақ, 8 - 10 тамыз күндері өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына облыс құрама командасына спортшылар іріктеу мақсатында өткен бұл додаға БҚО Полиция департаментінің бірқатар қызметкерлері де қатысты.

0c442176-f928-4512-a4c2-36eb6eb60b14

Фото: БҚО ПД баспасөз қызметі

Жүлделі ІІІ орын әр түрлі салмақ дәрежесінде полиция капитаны Рүстем Жұмақұлов, полиция кіші лейтенанты Роллан Асанұлы және полиция аға лейтенанты Жәнібек Серіковке бұйырса, ІІ орынды полиция лейтенанты Заманбек Ихсанов иеленді, ал І орынды полиция қызметкерлері полиция кіші лейтенанты Бекзат Джангалиев, полиция лейтенанты Аслан Утегалиев, полиция майоры Маралбек Кульжанов және полиция аға лейтенанты Нұрхат Мереев қанжығаларына байлады.

Өз кезегінде БҚО Полиция департаменті тәртіп сақшыларын осынау жетістіктерімен құттықтап, әлі де спорт сайыстарында толағай жетістіктерді бағындыруларын тілейді.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале