Бұл ел туралы мәліметтер аса қызықты. Өйткені, қазіргі Қытайдың біз білмейтін көптеген құпиясы бар.
- 100 миллион адам күніне 1 долларға ғана өмір сүреді.
- Елдің 70%-ы көзілдірік киеді.
- Қытайда ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар, АҚШ-тан да көп.
- Қытай – өлім жазасына кесілген адамдардың саны бойынша әлемдік көшбасшы.
- Жыл сайын шамамен миллион аборт тіркеледі.
- Қытайда тұратын бай адамдар өзіне ұқсайтын адамды тауып, оны қажет болған жағдайда, өзінің орнына түрмеге жібереді.
- 1973 жылы елдің билігі, демографиялық дағдарыстың алдын алу үшін, АҚШ-қа 10 миллион әйел ұсынды.
- Бұл елдің полициясы иттердің орнына қаздарды пайдаланады.
- Ресми түрде бұл мемлекет діни ел болып саналмаса да, онда 54 миллионнан астам христиан, 29 миллион мұсылман өмір сүреді.
- Бұл мемлекет әлемнің ең көне цивилизациясы саналады.
- Сан-Франциско қаласындағы ауаның ластануының 29%- ы осы мемлекеттің кінәсі.
- Бұл ел әлемде көлемі жағынан 4 орында. Планетада тұратын әрбір бесінші адам – осы елдің азаматы.
- Қытайда ақ түсті аза тұту (траур) кезінде қолданады.
- Ең үлкен жол кептелісі шамамен 100 шақырымға созылып, 11 күнге дейін жетті.
- Мереке кезінде қызыл түс қолданылады.
- Ол елде көкөністерді шикідей емес, пісіріп немесе жылытып жейді.
- Отбасының бас мүшесі еркек емес, күйеуінің немесе әйелінің апасы болып табылады.
- Еңбек демалысы бір уақытта, Жаңа жыл алдында басталады.
- Қытайлықтар қатты дауыстап сөйлейді. Бұл олардың әдепсіздігінің белгісі емес, мәселен қалаларда үнемі үлкен шу тұрады.
- Жұбайлардың ажырасуы бұл елде сирек кездеседі.
- Өз-өзіне қол жұмсау фактілері жиі кездеседі.
- Порохты алғашқы болып осы ел жасады.
- Сәттілік символы жарқанат болып табылады.
- Тамақ түрлерінің көбісі күріштен жасалады.
- Олар күн сәулесінен аулақ болуға тырысады, беттерінің терісі сары болғанын қалайды.
faktiler.kz