31.01.2020, 10:09
Оқылды: 126

Жұбан ақын шығармашылығына арналған энциклопедия үш тілде басылмақ

Бұл жайлы Өңірлік коммуникация қызметі өткізген брифингте облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қауланова айтты.

juban akin

Биыл Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Бұл ауқымды шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өткiзетiн мерейтойлар мен атаулы күндердің тiзбесiне енген.

Ж.Молдағалиевтің 100 жылдығын атап өту бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының мүшелері халықаралық деңгейде «Жұбан және ерлік жыры» атты  жазба поэзиясы мүшайрасын өткізуді, Алматы және Нұрсұлтан қаласында Жұбан ақынның ескерткішін орнатуды, ақынның өлеңдеріне патриоттық әндер байқауын өткізуді, әлеуметтік желілерде ақпараттық сүйемелдеу шараларын белсенді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар айтты.

Бүгін, яғни 31 қаңтар күні Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасы мен БҚО-ның барлық кітапханаларында «Жұбан жылына» деп байланысты шаралар басталады.

Аудандарымыздың барлық мәдениет және білім беру ұйымдарында Жұбанға арналған кітап және музей көрмелері, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырлады.

Жұбан ақынның шығармашылығынан үш тілде  энциклопедия шығаруға жұмыс тобы құрылып, өз жұмыстарын бастады.

Сондай-ақ Орал қаласынан Жұбан Молдағалиевке ескерткіш қою,  оның өмірі мен шығармашылығын насихаттауға  арналған әдістемелік-библиографиялық құрал шығару, Жұбан ақынның өлеңдеріне патриоттық әндер байқауын өткізу, ақын оқыған Орал қаласындағы №38 орта мектепке және Орал газ, мұнай және көпсалалық колледжінің ғимаратына ескерткіш тақта орнату, облыста ақын-жазушыларға арналған әдеби-экскурсиялар ұйымдастыру, БАҚ пен әлеуметтік желілерде Жұбан Молдағалиевке арналған естелік мақалалар беру, радиодан Жұбан өлеңдерін оқу, Жұбанды көрген адамдармен хабарлар ұйымдастыру, «Мен – қазақпын!» тележобасының тұсаукесерін өткізу, оқушылар арасында облыстық мүшайралар өткізу жоспарланған.

Жұбан Молдағалиевке арналған шаралар қазан айында халықаралық Жұбан оқулары мен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу, туған жері Ақжайық ауданында демеушілер мен меценаттар есебінен салынатын Жұбан орталығының ашылуымен қорытындыланбақ.

Нұрлыбек Рахманов,

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале