28.09.2020, 16:16
Оқылды: 53

«Жұбан» энциклопедиясы оқырманға жол тартты

Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына орай «Жұбан» энциклопедиясы жарық көрді. Аталмыш жинақтың тұсаукесер рәсімі Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында оздырылды.

Insiklopedia (2)

– Құрметті ағайын, бүгін «Жұбан» энциклопедиясы халықтың назарына ұсынылып отыр. Жинақты құрастыруда, зерттеуде М.Өтемісов атындағы БҚУ ғалымдарына сеніп тапсырған облыс басшылығына алғыс айтамын. Энциклопедия – грек тілінен аударғанда жинақы ойдың туындысы. Біз наурыз айынан бастап елдегі індетке байланысты эпидемиологиялық ахуал мүмкіндігімізді қысса да, соған мойымай, зор жауапкершілікпен кірістік. Жоспарымызда Жұбан ағамызға қатысты 300-ден астам тұлғаның есімін енгізу, 500-ден астам елді мекен атауы мен алуан еңбектердің мәліметтерін ұсыну, Жұбан ағаның екі мыңнан астам өлеңдерін талдап, үзіндісін беру болды. Энциклопедияны барынша нәтижелі шығарған секілдіміз. Бұл жинақты шығаруда М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың ректорынан бастап тік тұрып қызмет етті. Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымының да еңбегі еселі. Жаңа жинақты қолдарыңызға алып, көзайым болыңыздар, – деді педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев.

Insiklopedia (6)

Шара барысында зиялы қауым өкілдері жаңа жинақтың құндылығына сөз етіп, жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесіне тоқталды. Солардың бірі ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет болатын.

Insiklopedia (7)

– 100 жыл деген аз уақыт емес. Қазақ әдебиетінің классигі, Жұбан ағамыздың ғасырлық мерейтойы қазіргі қысталаң заманға қарамастан. Батыс Қазақстан облысында кеңінен аталып өтіп жатыр деп айтар едім. Бұл энциклопедиялық кітапта Жұбағаңның көзі тірісінде жазған барлық шығармалары, замандастарының естеліктері түгел қамтылды. Энциклопедияның шығарылуына қаржы бөліп, жобасын мақұлдаған облыс әкімдігіне, ізденіп, зерттеген профессор, педагогика ғылымдарының докторы Абат Қыдыршаев бастаған оқытушылар қауымына, материалмен қамтамасыз еткен Жұбан атындағы кітапхана ұжымына алғыс айтамын. Энциклопедияның ғұмыры мәңгілік болсын, – деді ол ақжарма тілегін арнап.

Insiklopedia (9)

Сондай-ақ жиында «Қиял қанаты» байқауының қорытындысы жарияланып, байқаудың бас жүлдесі алматылық Жандос Пірмағамбетовке бұйырған болатын.

Insiklopedia (10)

Insiklopedia (14)

Insiklopedia (15)

Insiklopedia (16)

Insiklopedia (17)

Insiklopedia (18)

Гүлсезім Бияшева,

     zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале