5.08.2025, 16:15
Оқылды: 88

Жұмыртқаның көпшілік білмейтін пайдасы қандай?

Диетолог Эмма Дербишир жұмыртқа сәбізге қарағанда көзге пайдалы деген пікірде. Ол бұл өнімнің көпшілік білмейтін пайдасы туралы Daily Mail басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

жп продукт (7)

Диетологтың сөзінше, жұмыртқа - көзге пайдалы заттардың негізгі қайнар көзі.

Оның айтуынша, жұмыртқаның құрамында көз жанарының мөлдірлігін сақтау үшін қажет В2 дәрумені көп. Сондай-ақ, жұмыртқада көз торына пайдалы мырыш көп.

Бұдан бөлек маман аптасына кемінде бір рет майлы балық жеуге кеңес берді. Ол мұндай балықта көз саулығы үшін негізгі қоректік зат саналатын докозагексаен қышқылы бар екенін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале