20.03.2025, 9:45
Оқылды: 301

Жұмыскер үшін төленген МӘМС  жарналары неге қайтарылады? 

Қызметкер үшін төленген қаражат жұмыс берушіге келесі жағдайларда кері қайтарылуы мүмкін:

WhatsApp Image 2025-03-20 at 12.06.04
1) Егер қаражатты аудару кезінде қызметкердің құжаттары (жеке куәліктің) ауысқан болса;
2) Егер қаражатты аудару кезінде қызметкердің деректері дұрыс енгізілмеген болса (ЖСН, ТАӘ-дегі қателер);
3) егер қызметкердің жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылатын қандай да бір жеңілдікті санатқа кірсе:
* балалар;
* жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
* зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС ардагерлері;
* «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
* мүгедектігі бар адамдар;
* орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар.

Яғни, егер сіз жеңілдікті санаттардың біріне кірсеңіз, жұмыс беруші сіз үшін жарналар мен аударымдарды төлемеуі керек.

Сымбат Қыпшақбай,

халықты ақпараттандыру және өтініштерді
қарау бөлімінің бас сарапшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале