17.07.2025, 15:15
Оқылды: 382

Жұмысшы мамандықтар жылы: Бөкейорда ауданында шахмат турнирі өтуде

Бөкей Ордасы ауданының Сайқын ауылында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында дойбы және шахмат турнирі өтуде. Турнирге әр түрлі сала қызметкерлері – ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, коммуналдық қызмет, ветеринария және басқа да еңбек ұжымдарының өкілдері қатысып жатыр.

_gluster_2025_7_17_a3d4cb2ff762f5273478d0236ed8bc09_1280x720

Жарыс Сайқын ауылындағы Орда спорт клубында ұйымдастырылған. Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандық иелерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан басшылығы, мекеме жетекшілері мен еңбек ардагерлері қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы:
«Бұл турнир – тек жарыс емес, әріптестер арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыратын тамаша мүмкіндік. Жұмысшы мамандықтарын насихаттау – қоғамның дамуына қосылған үлес», – деп атап өтті.

_gluster_2025_7_17_6afbde12ba3940ee8b4494764ce9f1ff_1280x720

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталады.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале