13.02.2023, 15:46
Оқылды: 35

Жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы SMS-хабарламалар жолданды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 23-35 жас аралығындағы 12 мыңнан астам қазақстандық жұмыссыз жастарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар жолдады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 

607ba85b50f496cad1fd592683e2f4a8_1280x720

Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Азаматтарға бір мезгілде жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы SMS-хабарламалар жіберілді.

«Жалпы еліміздің әрбір азаматы «Enbek.kz» порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жұмысқа орналасу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады», - деді ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Отбасының цифрлық картасы енгізілді. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде мемлекеттік қолдауға құқылы азаматтарды анықтап, оларға проактивты форматта көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале