2.10.2025, 15:45
Оқылды: 122

«Жүрек жазуы»: қаламгерге құрмет, талантқа тағзым

Теректі аудандық мәдениет үйінде  ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының БҚО-дағы өкілі, жазушы-журналист,  ұлт руханиятының жанашыры Бауыржан Ғұбайдуллиннің  60 жасқа толуына арналған «Жүрек  жазуы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

DSC09739

Кеш шымылдығы белгілі қаламгер Бауыржан Файзоллаұлының  Табылды Досымовқа арнаған туындысымен басталды. Халықтық «Дат» театры   аутордың  сту-денттік кезден бергі досы Табылды Досымовқа арнаған «Көзінен мұң көрдім...» очеркін қойы-лымға айналдырып, көрермен көңілін бірден рухани кеңістікке жетеледі. Әдемі ән­дермен өрілген шап-шағын қойылым Табылды Досымовты қайта тірілткендей  әсер қалдырды.

Әдеби-сазды кешке ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, ақынның жұбайы Ғабдырахим Жаңбырбаев,  аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, кеш иесінің ұлы, жас жазушы-журналист Алпамыс Файзолла қатысты.

Салтанатты  іс-шара барысында жас ақындар мен мектеп оқушылары қаламгердің өлеңдерін оқып, өнер көрсетті.  Ерекше атап өтерлігі – бастауыш сынып оқушыларының «Күн бала» кітабы-нан үзінділерді жатқа оқуы кеш мазмұнын байытты.

Сахна төріне көтерілген аутор Бауыржан Файзоллаұлы  кеш жүргізушісінің қойған сұрақтарына жауап беріп, шығармашылық еңбегі, азаматтық ұстанымы жөнінде әңгімелеп берді.

DSC09676

– 7-8 жасымда әкемнің ауыл адамдарымен сөйлесіп отырып, әлдебір адамды «Жолдастыққа нашар жігіт екен» деп айтқанын естіп қалдым. Әбден көңілі қалған болып тұр ғой. Сол кезде маған «Әкеме ұнауым үшін достыққа, жолдастыққа адал болуым керек» деген ой келді. Бәріміз де пен-деміз. Мен де  кемшіліктен ада емеспін. Бәлкім, жетістігімнен гөрі кемшілігім де көп болуы мүмкін. Бірақ осы жасқа дейін ешбір досымның қасынан бірінші болып кетіп қалған жоқпын. Бұған әсер еткен әкемнің бірауыз сөзі болса керек.   Бала тәрбиесіндегі негізгі бағыт-бағдарым –  ұл-қыздарыма алдымен өзім үлгі болуым керек. Балаларым еңбекқор болуы үшін өзім еңбекқор, олар жаман  әдеттен аулақ болсын десем, өзім арақ-шараптан, басқа да жағымсыз әдеттерден алыс болуым қажет. Ата, әке ретінде салауатты өмір салтын ұстанып,  ұрпағыма ісіммен  үлгі бо-луға тырысамын. Қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов «Отбасы өнегелі болса, Отан ке-мел болады» деп айтқан екен. Сондықтан біз мәдениетті, тәртіпті, яғни рухты ұрпақ өсіруіміз ке-рек.  Рух  –  ұрпақ санасына  төл әдебиетіміз,  ұлттық мәдение­тіміз арқылы сіңеді, – деп ой бөлісті қаламгер.

Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева шағын ғана ауыл –  Қызылжардан түлеп ұшып, бүгіндері республикалық деңгейде танылған публицистке, ұлттық мүддені ту еткен руханият өкіліне  айналған жазушының өмір жолы  жастарға үлгі болатындығын атап өтті.

DSC09526

Жазушы шығармашылығында ауылдың табиғаты, еңбек адамдарының бейнесі, ұлттық болмы-стың иірімдері кең көрініс табады. Оның «Күн бала», «Жиһанкез» Ақкербез», «Жаныма жақын жағалау», «Биленбеген вальс» сынды кітаптары – оқырман  жүрегінен орын тапты. Рухани кеште аутордың өзі музыкасын жазған әндері де орындалды. «Сы-рым елі» газетінің директор-редакторы, белгілі ақын Бауыржан Ширмедин­ұлының қаламгерге арнаған жүрекжарды жыры көрермен көңілінен шықты.

«Жүрек жазуы» шарасында аутормен  жүргізілген диалог-сұхбат оқырман мен қаламгер ара-сындағы рухани байланысты нығайта түскендей болды. Бұл кездесуде ел жазушыға, жазушы еліне алғыс айтты.  Қаламгердің қаламына деген елдің құрметі оның жүрекпен жазған жазуына жауап іспеттес. Ал руханиятқа қалтқысыз қызмет еткен азаматқа көрсетілген бұл қошемет – келешек ұрпаққа аманат болмақ.

DSC09818

Кеш соңында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова сөз алып, мерейтой иесін құттықтап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, аудан халқы атынан ат мінгізді. Бұл – елдің ерге берген бағасы, құрметтің шынайы көрінісі ел жадында ұзақ сақталары анық.

Гүлжамал Жолдығали,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале