Қызылордада жүргізуші көлігіне мемлекеттік нөмірдің орнына “нету” белгісін тағып алған.
Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.
Оны “Құқықтық тәртіп” шарасы барысында 21 қараша күні жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары анықтады.
Жас жігіт темір тұлпарының алдына заңды мемлекеттік тіркеу нөмірін тақпай, орнына “НЕТУ” деген белгіні іліп алған.
Көлік тізгіндеген 19 жастағы облыс тұрғынына қатысты хаттама толтырылған. Ал ВАЗ-2107 автокөлігі айып тұрағына қойылды.