21.04.2025, 9:45
Оқылды: 421

Жүргізуші куәлігінен айырылса да, көлік тізгіндейтіндерге қанша айыппұл салынады?

Заңға бағынбайтындарға қандай жаза қарастырылған? Massaget.kz тілшісі анықтады.

Close up view of a car steering wheel. Manual gearbox. Car interior details. Car transmission. Soft lighting. Abstract view.

Сурет: istockphoto.com

Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабына "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы" сәйкес жүргізуші куәлігінсіз көлік айдағандарға мынандай айыппұл не жаза көзделген:

Өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген басқару құқығына уақытша куәлiк, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi немесе тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисi, көлік құралын тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушi көлiк айдаса, ескерту жасалады не 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Жүргізуші куәлігін алмаған, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзуші көлiк айдаса, 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталанса, 30 АЕК (117 960 теңге) салынады.

Жүргізуші куәлігінен айырылған адам көлік айдаса, 50 АЕК (196 600 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу не 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылады. Ал бір жыл ішінде қайталанса, 70 АЕК (275 240 теңге) айыппұл салуға не 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың өмірінде жиі кездесетін айыппұлдардың көлемі қанша екені хабарланған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале