24.11.2021, 17:10
Оқылды: 44

Журналистердің құқығын қорғау регламенті жарияланды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жария талқылау және барлық мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдарымен келісу рәсімінен кейін «Журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың құқықтарын қорғау регламентін» ресми сайтта орналастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

35

Регламентте журналистердің, мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері және журналистердің құқықтары бұзылған жағдайдағы Министрліктің іс-әрекеттері көзделген.
Регламенттің негізгі мақсаты журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетіктерін әзірлеу болып табылады. Регламент мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері үшін ақпараттық-түсіндіру сипатындағы әдістемелік құрал болып табылады.
Министрлік үшін журналистердің құқықтарын қорғау маңызды басымдық болып қала береді, сондықтан бұл мәселе әрқашан Министрліктің ерекше бақылауында болады. Журналист өз құқықтарының бұзылу фактісі анықталған жағдайда, мәселені шешуге көмек көрсету үшін Министрлікке жүгінуге құқылы. Журналистерден келіп түскен барлық өтініштерді қарау барысы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің тұрақты бақылауында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале