30.05.2024, 12:45
Оқылды: 63

Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталғаны жарияланды

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасындағы «Парасат» конкурсының басталғанын жариялайды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

0dc59463bb064458b1e8a6fb3e2159f3

Фото: senate.parlam.kz

Өтінім берген жылдың алдындағы жылдың 21 мамырынан бастап өтінім берген жылдың 20 мамырына дейін Сенат қызметін жария ету жөніндегі авторлық ұжымдардың да, жекелеген авторлардың да БАҚ-та жарияланған материалдары Конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Сіздерді Конкурсқа қатысуға және өз жұмыстарыңызды жіберуге шақырамыз. Конкурс қағидасының толық мәтіні және өтінішке қажетті бланкі Сенаттың ресми сайтындағы «БАҚ-қа арналған» бөлімінде орналастырылды.

 Материалдарды қабылдау 10 маусымда аяқталады. Конкурс қорытындысы ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай шығарылып, лауреаттар жарияланады.

Материалдарды Сенаттың Баспасөз қызметінің [email protected] электрондық поштасына жіберу қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале